Ұшатын табақша
Ұшатын табақшалар,
Немесе қалақшалар
Көбейіп кетті бұл күнде.
Кейде егістікке,
61
Кейде тегістікке
Қонатын болды шіркіндер.
Өзім оларға сенбесем де,
Мініп көрмесем де,
Кейбіреулер ойланбай,
Қолдарымен қойғандай,
Әңгімені өндіріп те айтады,
Төндіріп те айтады.
Былай деді бір танысым:
– Өтірік айтсам, нан ұрсын!
Іссапардан келсем,
Үйде әйелім жоқ, сенсең.
Қатты түсіп еңсем,
Әрі-бері іздеп таба алмадым,
Милицияға да хабарладым.
Көрдім деген жан жоқ,
Қала бердім таң боп...
Әйтеуір, қолдап Құдайым,
Жоғалған жұбайым
Үш күннен соң келіп тұр,
Иіліп сәлем беріп тұр.
– Оу, қайдан келдің?
– Айдан келдім
– Қалжың шығар мұның?
– Қалжың емес – шыным:
Сен жоқта ұшатын табақша келіп,
Иелері терезеден еніп,
Мені көліктеріне салып кетті,
Аспаға алып кетті,
Өзім талып кеттім...
Көзімді ашсам, Айда отырмын,
Керемет бір жайда отырмын.
Ай тұрғындары қызық екен,
Бірақ, ниеттері түзік екен.
Ары-бері тексеріп,
Сенің бар екеніңді ескеріп,
Көп қазбаламай басқаны,
Қайта әкеліп тастады...
«Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа».
Әйелімнің келгеніне қуандым,
Қайтып көргеніме қуандым», –
Деп танысым күлді,
Әңгіме осымен тынды.
* * *
Айтайын, бірақ, шынды:
Күйеуі оған нанып қалып,
Табақша Айға алып барып,
Деп жүрсе қайтадан алып келіпті,
Әйелі қызықты өмір көшімен,
Сүйікті көңілдесімен
Басқа қалаға барып келіпті.