30.03.2022
153
Өрт
Мекемеде шағын бір
Бастық еді Балпаңбай.
Көп қинамай жанын құр,
Жүріп жаты талтаңдай.
Жай кірпіштен қалаған
Кеңсе үйі көне еді.
Салдыруды жаңадан
Керек екен демеді.
Осылайша жүргенде
Өртке оралды мекеме.
Жанып бітті бір демде,
От рақым ете ме?
Соқпады оңай сол таңда
Алпыстағы қартаңға.
Жұрт дегенің жалтаң ба?
Батыл айтты Балпаңға:
«Ескілерді бірқатар
Күл етеді табанда.
Өрттің осы тым қатал
Қасиеті жаман ба?
Ескі жайлар жанғанда,
Жаңалары салынар.
Жасы келіп қалғанда,
Жалқау да отқа шалынар»...