30.03.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Шеге

Жол үстінде Шеге жатты,
Шаңды қауып, шөге жатты.
Жүк тиеген бір машина
Баса-көктеп келе жатты.
Дегендейін қорламақ па?
Кірді шеге доңғалаққа.
Жатып-жатып бейшараның
Бітіргені сол ғана-ақ па?
Барса Шеге құрылысқа,
Табар еді қыбын ұста.
Сәл ойлана қарап қалдым
Осы бір жәй құбылысқа:
Парасатты асыл жандар
Қасиетті қашырмаңдар.
Өз орынын таба алмаған
Шегедей бос шашылмаңдар.





Пікір жазу