30.03.2022
162
Самолет пен пойыз
Самолет тұрып мақтанды:
– Аялы жолым аспаным.
Қалдырып белең, бақтарды,
Баратын жерім қас-қағым.
Алматы – Ташкент арасын
Сағатта-ақ ұшып өтемін.
Тәулік сен жүріп барасың,
Ойлашы, пойыз не теңім?
– Өзің біл оны, – деді де,
Орнынан пойыз қозғалды.
Самолет сонда керіле:
Көрсетем, – деді, – озғанды.
Сол пойыз жерге діттеген
Жететін сәтте-ақ жеткен-ді.
Артық та баға күтпеген,
Міндетін адал өткерді.
Бұзылып ауа райы,
Самолет тәулік ұшпады.
Келесі таңда Құдайы
Тағы да бір күн ұстады.
Ташкентке содан самолет
Үшінші күні жетті әрең.
Бұрынғы бөспе шама жоқ,
Пойызды жанай өтті әрең.
* * *
Күнбұрын, бауырым, бөспегін,
Жолыңды ерте кеспегін.