30.03.2022
  271


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

АСЫҚПАЙМЫН ЖЕҢІСІМДІ ТОЙЛАУҒА…

Асықпаймын жеңісімді тойлауға,
Қартаюға асықпа да жап-жас жан.
Дүниеде ақыл барда, ой барда
Үлес алып қалсам деп ем ақ шаштан.
Қайран! Талай ақ шаштылар қалды өліп,
Өз кеудемді өртер ме екен өз демім.
Алсам деп ем мен де сондай шал болып,
Шалдары бар кезде бұл…
Алыстатып барады өмір мақсатты,
Мен кейін қап барам ба әлде күнбе-күн?
Достарыма тілеймін де ақ шашты,
Қиындатам жауларымның міндетін.
Ақ шаш сыйын аямаймын ешкімнен,
Ақ шаш – менің ізгі ағам.
Қиям оны мақтаншақ пен кещеге,
Тек... жендеттен қызғанам.
1965





Пікір жазу