30.03.2022
244
ОТ АТАУЛЫ ЖАНАР ЕДІ БІЛІНБЕЙ…
От атаулы жанар еді білінбей –
Көріп қойса айқай салар ел оны.
Ол да кейде, өсекшінің тіліндей,
әділетсіз келеді.
Сол секілді, ой да жалын, тіл жалын,
тіл шіркінмен талай қағаз былғадым.
Аппақ туды отпен жудық, от-жалын
Айтты әлемге көк дауылдың соққанын.
Ақ ту жанып: қып-қызыл ту болды ақыр,
Сол қызыл ту алдына кеп тоқтадым...
Махаббат бар – қызыл деймін мұны да,
Қызыл ұшқын шығады ұшып ызадан.
Қоңыр бояу көп жағылса жырыма,
Қызыл бояу алдында мен қызарам.
Қызыл бояу – жану үшін. Жалғыз үн:
Мен жарықты қараңғыға сынатам.
Жүрек – қызыл, ерін – қызыл, қан – қызыл,
Сол үшін де қызыл бояуды ұнатам.
1965