30.03.2022
170
МЕН КЕТЕР ЕМ ӨЛЕҢНЕН…
Мен кетер ем өлеңнен,
үмітіммен, мынау шөкім-денеммен,
бүкіл осы тірлігіммен кетер ем.
Кетер едім, айыптар ем ішімнен
адамдарды – мені ақын деп түсінген.
өзімді-өзімді келеке етер едім мен.
Тілегім де болмас еді басқа онша –
Тек бір адам мені шындап жоқтаса...