30.03.2022
126
![](/uploads/shorttexts/author_image/94047c7aed51e724061677a49a921822-original.jpg)
КІТАП СЫН-ДЫ, ҚАЛЫҢ-ҚАЛЫҢ ТҮБІМЕН…
Кітап сын-ды, қалың-қалың түбімен
төңкеріліп, күндер жатыр алда көп:
екі көзді жағып алып үңілем
оқитыны бар ма деп.
Ашып қалып абайсызда, кей бірін
жапқанымша асығамын тағы да.
Жақсы кітап – көктем болып,
мейрімін төгер менің енді көктер бағыма.
Көп кітапты оқығаным жоқ әлі,
көп күндерді көре алмаспын деп кестім.
Жаман кітапты – оқымауға болады,
жаман күнді қалай ғана кешпессің!