28.03.2022
124
Үй мен күй
Тоқсан алты пәтерлік
Үйге кірдік сүйініп.
Жүгімізді әкелдік
Буынып та түйініп.
Жора-жолдас болысты,
Өтті алғашқы қиындық.
Тойлау үшін қонысты
Кешке қарай жиылдық.
Міне, қызық – шамы жоқ
Қараңғы үйде қамалдық.
Газ бен суы тағы жоқ,
Әрең-әрең дем алдық...
Аптадан соң жарық кеп,
Келді айдан соң су ыстық.
Газдан көңіл қалып тек,
Біржолата суыстық.
Екі айдан соң газ келіп,
Газбен бірге жаз келіп,
Сұлу әуен-саз келіп,
Отыр едік мәз болып.
Сынды судың краны,
Еден жігі ашылды.
Қабырғаның сылағы
Әр жерден бір шашылды.
Бар рақат өтті тез,
Қөсіле алмай кеңдеу бір.
Бей-берекет жетті кез –
Түбегейлі жөндеу бұл.
Алты айдан соң аңдарша
Босып кеттік күн-түні.
Жөндеу аяқталғанша
Көшіп кеттік бір күні.
Үйіндеміз әкемнің,
Несін айтам, досым-ай.
Жаңа кірген пәтердің
Жайы-күйі осылай.