28.03.2022
124
Үкең мен дүкен
Үкеңді жұрт даттайды,
Үкең неге жақпайды?
Өйткені, ол дүкенін
Кезінде ашып-жаппайды.
Кейде өткізіп апта, айды,
Үкенді жұрт таппайды.
Бірақ, қайда жүргенін
Сұрауға ешкім батпайды.
Жақсы затты сатпайды,
Үкең үйде сақтайды.
Жең ұшынан жалғасып,
Ағайынға аттайды.
Жемдестері жақтайды,
Жеңдестері мақтайды.
Өйткені, Үкең олардың
Сенімдеріп ақтайды.
Әсте өсек жатпайды,
Тексеруші қаптайды.
Әй, бірақта олар да
Үкеңнен түк таппайды.
Үкеңді «жау» шаппайды,
Үкеңді дау қақпайды.
Жаратушы жар болса,
Үкеңді сау сақтайды.