28.03.2022
  126


Автор: Абдрахман Асылбек

Былпық пен жылпық

Қойлыбаев Қырпық
Шопан еді қоңды.
Баласы Былпық
Бітірді онды.
Бір күні Қырпық
Бүйірінен түртіп,
Былай деді:
– Бері қара, Былпық.
Атамыз қазақ,
Бейнеті азап:
Бабам қой бақты,
Әкем қой бақты,
Мен қой бақтым,
Ал, сен ой баққын.
Бұл сөзден үркіп,
Тулады Былпық:
– Ой, әке, түспей-ақ конкурске,
Барсам қантеді өндіріске?
Қырпық күйіп кетті,
Баласына киіп кетті:
– Ой, оңбаған, шірік,
Осынша мал тұрып,
Оқуға түсе алмасаң,
Кетпейсің бе құрып,
Қара жерге кіріп...
Қынай буып белді,
Содап әке менен бала
Алматыға каелді.
Ары-бері жүріп,
Таныс іздеп көрді.
Жөн білер Қырпық па?
(Жетісіп тұрған жоқ Былпық та).
Келесі күні тап болды
Жылмаңдаған Жылпыққа.
Жылпық құп деді,
Тек мынаны ұқ деді:
– Баланы оқуға түсіру –
Балапанды қияға ұшыру.
Келін түсірудсн қиын,
Яғни, қып-қызыл тиын.
Таныстар табу керек,
Аяқтарын шалу керек.
Біраз жер шарлау керек,
Ол үшін такси жалдау керек.
Бір үйде преферанс сызу керек,
Ол үшін жақсылап қызу керек.
Ресторанға бару керек,
Ол үшін «қару» керек.
Қысқасы, мұндайда
Қалтапы қағу керек.
Сонда балаңыз Былпық
«Бестіктерді» белінеп қырқып,
Институттың төрінен топ етеді,
Ақсақал, осы тоқ етері.
Қырпық бұл сөзді екі етпеді.
Кетіп бара жатып:
– Балаңыз конкурстан
Қалай да өтеді, – деді.
Алғашқы сын есеп еді,
Есепке Былпық мешел еді.
Құдай атып,
Аузына келгенін шатып,
«Икс» пенен «игрек»
Ішін оттай күйдіріп,
Мұғалімнің алдынан жылап шықты,
Турасын айтқанда, «құлап» шықты.
Не ақша жоқ,
Не басқа жоқ.
Әкесі мен баласы
Ауылдарына қайтты «қасқа» боп.





Пікір жазу