Өмір сүргің келе ме?
Жаралған соң адам боп,
Жүру керек аман боп,
Бірақ, ауырмайтын адам жоқ.
Тегің емделетін,
Жеңіл дем беретін
Бұрынғыдай заман жоқ.
Білім алуың да,
Курортқа баруың да...
Сатылып кеткен барлығы.
Бұл Алланың емес,
Адамның жарлығы,
Пейілдің тарлығы.
Емделгің келсе, ақша бересің,
Ақша бермесең – өлесің.
Болса да жанға бас қайғы,
Дәрігер ақшасы қабақ ашпайды.
Өйткені, ол білімді оқып алмаған,
Мамандықтың қыр-сырын тоқып алмаған.
Маман болу сасық арман,
Дипломды сатып алған.
Содан орындалып шолақ арман,
Дипломды дәрігер бола қалған.
Болуын болды ғой,
Толуын «толды» ғой,
Орынтаққа қонды ғой,
Алайда, ауырған адамға,
Қысылып қалса табанда,
Дәрумендерді түрдей бір,
Ине салуды да білмейді,
Ондай адамды кім дейді?
Әрине, маман емес, надан,
Көрген күні қараң.
Тапқаны арам.
Надан болмай не етеді?
Арам болмай не етеді?
Дипломды сатып алған ақшасы
Босқа кетеді.
Соны аурулардан қайтару керек,
Соның есебінен шайқалу керек.
Аурудың шырқыраған шыбын жаны,
Өлімге беті бұрылғаны
Дәрігер үшін көк тиын,
Ақшасыз жоқ сыйың.
Мейлі, академик ғалым бол,
Кең әлемге таным бол,
Ақшаға тірелген жаның сол,
Бұл өмірдің эаңы сол.
* * *
Тек, пенделеріне арнаған
Туар жолмен жүріп таңдаған,
Саулық тіле Алладан.