28.03.2022
  163


Автор: Абдрахман Асылбек

Тәуелсіздік осы ма?

Америка қырық рудан құралған,
Бәріне де ортақ болған бір арман.
Ешбір ұлтқа, ұлысқа да бөлінбей,
Ағылшынша бірін-бірі ұға алған.
Француз да қырық рудан құралған
Оларға да ортақ болған бір арман.
Ешбір ұлтқа, ұлысқа да бөлінбей,
Французша бір-ақ тілде қуанған.
Ал, қазақ ше?
Қазақстан халқымыз,
Жүз отыз ұлт – санар болсақ, жалпымыз.
Әрбір ұлыс өз тілінде сөйлесіп,
Ұмыт қалған қазақ деген салтымыз.
Дегенімен, қанша мықты, іріміз,
Ұмыт қалған қазақ деген тіліміз.
Отыз ұлыс орыс тілін ортақ деп,
Сөйлесеміз бірмізбен біріміз.
Бір Отан боп жүз отыз ұлт қосыла,
Тәуелсіздік алған елім осы ма?
Тілін, дінін, салтын мойындамаса,
Өзге ұлттар қазағымның досы ма?





Пікір жазу