28.03.2022
5726
ҚАЗАҚЫ ТОЙДА АМАНДАСУ
Анасы барлық сөздің сәлем бе еді?
Амандасу әр түрлі әр елдегі.
Мысалы, ағылшындар «Хэллоу» десе,
Орыс «Здраствуй» деп мәнерледі.
Қытайлар немқұрайлы «Нехауа» деп,
«Онеся» дейді оңтүстік Корейлері.
Үнділер «Номәсти» деп айтады екен,
Үйретті ғой сериалдың көбейгені.
Ал, Мұсылман баласы амандасса,
Жаратқанның нұрына бөленгені.
«Ассалаума ғалейкім» – деген сәлем,
«Алланың нұры жаусын» дегендері…