28.03.2022
6236
ҚАЗАҚЫ ТОЙҒА АМАНДАСУ
Ассалаумағалейкум арма ағайын!
Жақсылыққа жиылған,
Шеттерінен мейірбан.
Дархандығы даладай,
Аңқаулығы баладай.
Жақсылыққа ат байлап,
Жамандықты қақпайлап жүрген.
Ізгілікті ине етіп,
Имандылықты түйме етіп жүрген.
Жақсылықтың жаршысындай,
Асықтың алшысындай,
Көңілдің мөлдір тамшысындай.
Асылдың сынықтары,
Алтынның ұнтақтары.
«Той» десе – алып-ұшып жүгіретін,
Мәрт қазақтың ұрпақтары –
Бүгінгі дүбірлі тойға
Қош келдіңіздер, ағайындар!