Көшені атау қиын ба?
Қазақстанда неше мың
Атын атап көшенің,
Қазақшаға келтіру,
Оңай емес көндіру.
Патша заманынан қалған,
Атауларын алған:
Иванов, Петров, Павлов,
Дроздов, Жабров, Лавров...
Болып кете береді, кете береді,
Уақыт өте береді.
Қазақтың өз атауы қайда? –
Ұшып кеткен айға.
Ел болсақ та тәуелсіз,
Күйдеміз әлі әуенсіз.
Көшелелерді өзгерте алмаймыз,
Бейшара жандаймыз.
Қала тұрғындарының
Аңысын аңдаймыз.
Екі орыс қарсы шықса,
Қарсы тұра алмаймыз.
Бір көшені өзгерту үшін қазақша,
Түсеміз қанша азапқа:
Қалалық акимат бар,
Аудандық маслихат бар,
Архитекторлар кеңесі бар,
Онамастика төресі бар...
Бәрі ақылдасуы керек,
Бірін-бірі мақұлдасуы керек.
Сөйтіп жүргенде жыл өтеді,
Халықтың жүйкесін жүн етеді,
Жігерін құм етеді.
* * *
Қазақ өз алдына бел болып,
Тәуелсіз ел болып,
Жөнделмей жатыр жолы да,
Өз билігін қашан алады қолына?