meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  27.03.2022
  221


Автор: Абдрахман Асылбек

Уқалау

(Массаж)
Айламен алып еркіңді,
Өтірік емдер дертіңді,
Барсаң сен балгер-бақсыға.
Балқытып бүкіл тәніңді,
Қыздырар бойда қаныңды,
Уқалау деген жақсы да.
Балгерге барсаң – ұтылдың,
Айықпас дертке тұтылдың,
Ауруға ауру жамарсың.
Уқалау алсаң маманнан,
Шаншу да қашып қадалған,
Жан рахатын табарсың.





Пікір жазу