27.03.2022
  296


Автор: Абдрахман Асылбек

Ас деген

Сөзін тыңда халықтың:
Ас арқау ма, атау ма?
Айта алады анық кім,
Аузы барып атауға?
«Тарта жесең, тай қалар,
Қыса жесең, қой қалар».
Ақылды жан қайда бар,
Мұны тыңдап, ойланар?
«Ауру астан» дегенді
Пенде бар ма ұғатын?
Мақтан тұтпа жегенді,
Мес қарын боп шығатын.
Бөшке ме еді қарының
Бәрін тыға беретін.
Астан тыныс тарылып,
Кезің келер өлетін.
Білу керек бар қауым
Астың дұрыс атауын:
Тарта жесең – арқауың,
Артық жесең – атауың.





Пікір жазу