Неге?
Неге, неге, неге?
Жаймашуақ жайдақпыз?
Жалтыр мұздай тайғақпыз?
Турасына келе,
Жасқаншақпыз, жалтақпыз?
«Кең болсаң, кем болмайсың»
Деген де дұрыс шығар.
Үнемі жөн болмайтын,
Бұл сөз кейде бұрыс шығар.
Шеттен келгендерге
«Мемлекет тілі – қазақ тілі»
Деп тұрса да заңымызда,
Қазақ тілі аз-ақ тірі
Тап осы таңымызда.
Қазақстанда мемлекет тілі
Орыс тілі секілденіп,
Сөйлейді мемлекет бүгін,
Сол тілде екіленіп.
Неге, неге, неге?
Артық айтты деме:
Қазақ деген елім қайда?
Кең байтақ жерім қайда?
Оны қорғаған ерім қайда?
Бүгінгі жастар жалтақ туған ба?
Қызмет пен атақ қуған ба?
Неге, неге, неге?
Барлық қызығын көре,
Барлық байлығын тере,
Жаны ашымайды елге,
Жаны ашымайды жерге,
Жаны ашымайды мүлде,
Тіпті, туған тілге,
Неге, неге, неге?
Сөйлемесе өз ана тілінде,
Ұлтымыз өлмей ме түбінде?
Өлетін болса ұлтымыз,
Тыйылып ойын-күлкіміз,
Жоғалмай ма жұртымыз?
Онда билік те өледі,
Көсем де, жүйрік те өледі.
Осыны биіктегілер,
Яғни, биліктегілер
Ойламайды неге?
Неге, неге, неге?