27.03.2022
170
Қатын сені күтпейді
Қатын сені күтпейді,
Ауыр міндет жүктейді.
Еркек болсаң ерекше,
Тілегімді ұқ дейді.
Артық ақша тап дейді,
Мені шындап бақ дейді.
Керек емес басқасы,
Сондай еркек шақ дейді.
Болса және жас қатын,
Өтпеу керек «босқа түн».
Керек емес ол үшін
Сенің арман-мақсатың.
Жарар болса анаға,
Қатын керек балаға.
Бірақ, бірақ, сол бала
Сені күтіп, баға ма?
Ер қадірін бағалар
Кешер мені аналар.
Соның үшін қатынсыз
Өткен небір даналар.
Солай еткен өткендер –
Көздері нақ жеткендер.
Сөзім үшін сөлекет
Мені қатты сөкпеңдер.