27.03.2022
195
Досың сатты...
– Досың сатты... Сатты сені...
– Не дейін?..
Бүлкілдеді бұғағың мен көмейің.
Қуандың сен.
Атқан оғың дөп тиді.
Құлағымда қалды тұнып өгей үн.
– Досың сатты... Сатты сені...
– Не дейін?..
Сендей болды бұлқан-талқан көп ойым.
Өзегімде – өсек атты қызыл өрт,
жүрегімді тілгіледі өгей үн.
– Досың сатты... Естимісің?
– Не дейін?
Жабырқадым. Жалын құшты көмейім.
Кімге сеніп, кімге айтпақпын мұңымды,
запыранды қайда апарып төгейін?!
Өзегімді қарыды бір өгей үн...
мамыр, 1995 жыл.