26.03.2022
140
Бозбала
Әнін жазған Ерболат Құдайбергенов
Он алтыда ер бала
Атанады бозбала.
Толағайдай толғана,
Толықсиды тез ғана.
Құлпырмайтын қыз бар ма,
Күлімдейді көз жана.
Қырындамай қыздарға,
Жүре алмайды бозбала.
Қайырмасы:
Ей, бозбала, бозбала,
Көңіл күйін қозғама.
Сұлулардың жүрегін
Жібітеді сөз ғана.
Айта алмасаң асыл сөз,
Атанарсың өз ғана.
Ей, бозбала, бозбала,
Батылданғын тез ғана.
Жігітпін деп желікпе,
Ей, бозбала, бозбала.
Құлап түспей көрікке,
Есіңді жи тез ғана.
Жібек жаптым дегенің,
Болып шығар бөз ғана.
Алтын таптым дегенің,
Болып шығар жез ғана.
Қайырмасы.
Ей, бозбала, бозбала,
Өзгелерден озба да.
Көрінгенге көз салып,
Ерте бастан тозба да.
Ей, бозбала, бозбала,
Туды нұрлы кез жаңа.
Ата-ананы қуантып,
Қосылайық тез ғана..
Қайырмасы.