26.03.2022
  148


Автор: Абдрахман Асылбек

Есімовке

Ел еркесі Есімов,
Ел серкесі Есімов.
Әкім болып келді деп,
Қуанып ек қосылып.
Келісімен жұмысқа
Кіреді деп шешініп.
Бірақ, барлық ісіңді
Бастадың тек тосылып.
Әлде, барлық ниетіңді
Ауыл жаққа көшіріп,
Агроном боп жүрмісің,
Жүгерісін өсіріп?
Қала қалды жайына,
Қараймыз тек шошынып:
Бітпей қалды сансыз үй,
Мезгілінен кешігіп.
Жылға жетпей жолдары
Қалды құрқ-шұрқ тесіліп.
Машиналар митыңдап,
Жүре алмайды көсіліп.
Елді алдайсың қашанғы,
Құрғақ сөзбен есіліп?
Саған артқан сенімнің
Болғаны ма бос үміт?
Жаса тура тіршілік,
Елді ойласаң, Есімов.





Пікір жазу