26.03.2022
  131


Автор: Абдрахман Асылбек

Мырзатайға

Дегенімен Мырзатай,
Жан емессің мырзадай.
Сараңдыққа салындың,
Тек байлыққа табындың.
Болса да әкең Жолдасбек,
Жарытпадың жолдас боп.
Ақша бермей көп құрбың,
Туыстардан бет бұрдың.
Өтер-кетер дүние,
Дүниеге кім ие?
Байлықпен қайда жетерсің?
Сен де бір күн өтерсің.
О дүниеге мүлкіңнің
Несін алып кетерсің?





Пікір жазу