Сенсiз таң атты....
Сенсiз таң атты, сенсiз көштi күн.
Сенсiз қабаржып, күлдiм, кеш, күнiм.
Сенсiз қыдырдым, сенсiз ой кештiм,
Сенсiз сенделдiм… Үнiңдi естiдiм…
Сенсiз мұңайдым, тынып, ашындым.
Сенсiз күрсiндiм, күйiп, шашылдым.
Өртеп өкiнiш, сенсiз – жетiм iш,
сурет бейнеңдi сүйiп, басылдым.
Сенсiз қар жауды. Сенсiз қыс келдi.
Сенсiз сорлы анаң сағынып, түс көрдi…
Сенсiз ұйықтадым, сенсiз ояндым,
үнсiз жыр жаздым тiреп үстелдi.
Сенсiз түн өттi, сенсiз ән қашты,
Сенсiз ақпан кеп, ақ түтек жалғасты.
Кеудем – мешiттей намаз өлтiрген,
ойым бұлыңғыр, төрдi шаң басты.
Сенсiз сам жанды, сенсiз жел естi,
Сенсiз еске алдым құлын күн…
«Кеңестi»…
Бауыр дегенiң бауыр ет екен,
еске алып егiлдiм сен жатқан дөңестi.
Сенсiз кеш батты. Сенсiз өштi күн.
Сенсiз, қарғам-ай, кеуденi тестi мұң.
Жапа жалғыз қап… Түнгi көшеден
түнгi ғаламның үнiн естiдiм…
қаңтар, 1991 жыл.