26.03.2022
  132


Автор: Нұрлан Оразалин

ҚЫСҚЫ САҒЫНЫШ

 Түн…
Қала…
Қар жауып тұр.
Ой-ақбозым… Шауып тұр.
Мен жалғызбын. Түн жалғыз.
Мұң-көкбөрi…
Жүрегiмдi қауып тұр.
Ұстатпайды нұр қашып,
(шегiне бiр жетер ме ой?!)
Түн деген бiр ұрғашы,
өртеп сенi кетердей…
Сезiм-сылқым. Қашады.
Жазылмаған жырдайын,
қар көмкерiп шашаны,
тiлерсектеп тұр қайың.
Ақ жамылып тұр қала,
өң мен түстей арбасқан,
Қиялымда – бiр бала
ат-шанаға жармасқан.
Ақбоз, шана зулайды
даламенен қар басқан,
 
құлағымда шулайды
түнгi кафе – ән қашқан.
Қоңырауын көңiлдiң
қағып шана ұзады,
ақ түтекке көмiлдiм,
талып жеттi қыз әнi…
Қыз-дүние, жалған-ай!
Қала бiр күй шертедi.
Дала…
Дала…
Арман-ай,
Жүрегiмдi өртедi…
Жүрегiмдi өртедi…
ақпан, 1989 жыл.





Пікір жазу