26.03.2022
  110


Автор: Нұрлан Оразалин

Түсiмде мен...

Түсiмде мен тауды көрем көктеңбiл,
жұлқылайды жүрегiмдi көктем кiл.
Қоңыр салқын жел аймалап жейдемдi,
жауады кеп қызыл, жасыл көктен гүл.
Көркем едi мамырдағы тау қандай?
Көңiл көшi есi кетiп, ауғандай…
Түсiмде мен көмiлемiн бiр күйге,
неткен рахат!
Тәңiр нұры жауғандай?!
Неткен ғажап сәт едi бiр ертегi,
алпыс екi тамырымды өртедi.
Қызыл гүл мен жасыл көктем қосылып,
«жұмақ» күйге оранғандай жер, тегi…
Көктеңбiл тау ой шанағын шертедi…
тамыз, 1988 жыл.





Пікір жазу