25.03.2022
  114


Автор: Абдрахман Асылбек

Мырзан Мырзаға

Ей, Мырзаным, Мырзаным,
Мен өзіңе ырзамын:
Адамға ақыл айтатын,
Айтқанда батыл айтатын.
Уытты сын айтатын,
Айтқанда шын айтатын,
Маңдайы қасқа
Сенен басқа
Қазақта жан жоқ секілді,
Бойларында қан жоқ секілді
Намыс пен ар жоқ секілді.
* * *
Сақтар болсақ намыс пен қанымызды,
Алла сақтар жанымызды.


 





Пікір жазу