25.03.2022
118
Ақын қасіреті
Қырандарда қыран бар самғайтұғын,
Самғайтұғын биікке, талмайтұғын.
Оларда да бар шығар әлжуаздар
Тышқан аулап, өзегін жалғайтұғын.
Оларда да бар шығар шеңгелдерін
Арлан түгіл көжекке салмайтұғын.
(Т. ҚАЖЫБАЕВ. Жол басы 46-бет)
Ақында да ақын бар самғайтұғын,
Самғайтұғын биікке, талмайтұғын.
Балдай шырын тамаша өлеңдерін
Тана көзді қыздарға арнайтұғын.
Ақында да ақын бар алмай тыным,
Өлең іздеп, ой-қырды шарлайтұғын.
Орайына оңтайлы ұйқас тапса,
Қыр соңынан өлгенше қалмайтұғын.
Ақында да ақын бар алдайтұғын,
Айтқанына еш адам нанбайтұғын.
Тышқан аулап күнелткен жапалақтай,
Алты қырдан әрі асып бармайтұғын.