25.03.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Бәрі де бола аламын

Дария болам,
Көктемде тасып кетер,
Толқын болам,
Жағадан асып кетер,
Кейде нөсер.
Кейде ақ жауын бола аламын,
Бірақ, қайта арнама ораламын.
(Р. ҚУНАҚОВА. Аққулы жаз. 38-бет)
Қыран болам,
Қанаты талмайтұғын,
Бір ән болам
Мейірің қанбайтұғын.
Керек десең,
Шарапты шайқап ішем,
Бірақ, достар,
Сабама қайта түсем.
Батыр болам
Тіресер пендесі жоқ,
Ақын болам
Әлемде теңдесі жоқ.
Қиял күшті –
Бәрі де бола аламын.
Бірақ, қайта
Арнама ораламын.





Пікір жазу