25.03.2022
  110


Автор: Абдрахман Асылбек

Бәрін білем

Жиырмасыншы ғасыр мені кешірер,
Бәрін білдім,
Биін бірақ білмедім.
Есесіне,
Жасыратын несі бар,
Інілерім артық билеп жүр менің.
(С. АСАНОВ. Мақтанышым – туған ел. 66-бет)
Жиырмасыншы ғасыр мені кешірер,
Ешкім мені дей алмайды есіл ер.
Бәрін білдім:
Шарап іштім шалқақтап,
Жиын-тойда кез де болды есірер.
Жаңа жылды жаңа жырмен қарсы алдым,
Тамашада тамылжыта ән салдым.
Аруларға өлең арнап, тамсандым,
Қалай да бір жағу үшін жан салдым.
Ебін тауып елтірі де илегем,
Төгіп-төгіп, тартқам небір күй де мен.
Туғаныммен бәрін біліп өнердің,
Бірақ, бірақ... көнбей қойды би деген.
Олқылығым осы ғана басымда,
Оны інілер орындап жүр қасымда.
Тағы басқа кемшілігім болса егер,
Түзетермін келе жатқан ғасырда.





Пікір жазу