25.03.2022
131
Не болар еді?
Көшуін қойса тырналар,
Не болар еді?
Жерде жүрген,
Рас, бәлкім, мол болар жемі.
Қорқыныш пен тәуекел
Азаяр, бірақ, алтанат пенен
Сән-сайран кем болар еді.
(А. СҰЛТАНОВ. Талтүс. 37-бет)
Ішуіп қойса ақындар,
Не болар еді?
Алдамшы шабыт – лапылдар
Жоғалар еді.
Алыстап кеткен ақылдар
Оралар еді.
Алыс пенен жақынды
Көре алар еді.
Жырларын сонда татымды
Бере алар еді.