25.03.2022
99
Өң мен түс
Түсімде Бауыржандай батыр-ақпын,
Жауларды топырлатып түйдек қырған.
Өңімде нәп-нәзік бір жапырақпын,
Самалмен есі қалмай билеп тұрған.
Түсімде аумай тартқан Абай болам,
Бұл көңіл қашпақ емес алайда одан.
Өңімде өлең келмей, ал, ойланам,
Абайдай қалай болам, қалай болам?
(С. ПӘКЕНОВ. Құдіретті қолдар. 42-бет)
Түсімдс батыр-ақпын сирек туған,
Көлдерден қиқулатып үйрек қуған.
Өңімде нәп-нәзік бір жапырақпын,
Алдында бастығымның билеп тұрған.
Түсімде тап Абайдай ақын болам,
Жырлары жалып атып лапылдаған.
Өңімде өлеңімді өзге түгіл
Өзімнің оқымайды қатын, балам.