25.03.2022
  122


Автор: Абдрахман Асылбек

Ойлы теректер

Қызылорда келешегін ойлаған:
Теректерің көшені өрлей бойлаған
Биік үйдің өркешіне жармасып,
Жапырақтар жас баладай ойнаған.
(Қ.КӨПІШЕВ. Шұғыла. 2-бет)
Кейде оңаша отырып ап ойланам:
(Келе қоймас қисыны жоқ ой маған).
Теректер де алам сынды ақылды,
Әйтпесе олар неге көкке бойлаған?
Демеңіздер:
«Мұнысы не, ой, надан!»
Қызық қуып, тамашаға тоймағам.
Теректерді түйсіксіз деп кім айтар,
Олардан адамдарына ойлаған.
Жапырағы жас баладай ойнаған
Нән теректер көшені өрлей бойлаған.
Туған жерден жырақ кетіп жүргенде,
Қызылорда қамын солар ойлаған.





Пікір жазу