25.03.2022
  117


Автор: Абдрахман Асылбек

Кесірлі қабан

Ниеті қарау
Талпақ танау
Қабан Маралға тиісті:
Сезбейсің түк иісті.
Мен торыған тоғайды,
Мен қорыған торайды
Исінен білуің керек,
Аулақ жүруің керек.
Марал тым сабырлы еді:
– Мұның қалай, тамыр? – деді,
Тоғай деген кең емес пе?
Бірге жүрсек жөн емес пе?
Маған да жетеді,
Саған да жетеді.
Көне қояр Қабан ба?
Қорс ете қалды табанда:
– Менің торайларым көп,
Есебі жоқ!
Бізге бірер тоғай жетпейді,
Жүзі де көптік етпейді.
Ал, сенің жалғыз балаң бар
Тіресер қандай шамаң бар?
Марал қайтсін таласып,
Кетіп қалды жар асып...
Қабан, бірақ оңбады,
Көп кешікпей сорлады:
Торайлары тобымен
Құлап өлді орға бір.





Пікір жазу