25.03.2022
  136


Автор: Абдрахман Асылбек

Алтын тісті арлан

Тілі мәлім талайға
Түлкі Арланды емдеді:
– Азу тісті қалайда
Алмастырған жөн, – деді.
Салып берем алтыннан,
Жарқыратып жүресің.
Шығып тұйық қалпыңнан,
Ыржалақтап күлесің.
Аңның бәрі тамсана,
Ауызыңа қарайды.
Содан кейін жан сала,
Тамақтайсың талайды.
Көп ұзамай Арланның
Болды азуы алтыннан.
Бірақ, басқа салған мұң,
Не пайда құр жарқылдан?
Тісі қақсап Арланның,
Татымды түк татпады.
Тамағына аңдардың
Алтын тісі батпады.
* * *
Тыңдағандар Түлкіні,
Болар түбі күлкілі:
Ақылы жоқ сол Арлан
Аштан өлді бір күні.





Пікір жазу