25.03.2022
  216


Автор: Тортай Сәдуақас

БҮГІНГІ КҮН

Естідім елтіп нақ бүгін,
Дауысын нұрлы көктемнің.
Көрдім мен күлкі, шаттығын
Көкорай тұнған бөктердің.
Жарқырап жатқан – көк айдын,
Шолпылын естіп балықтың;
Төріне қонған тоғайдың
Әніне құстың қанықтым.
Жайнаған нуды аралай,
Шалғынды шарлап өтіп ем:
Аймалап мені баладай,
Самал жел өпті бетімнен.





Пікір жазу