25.03.2022
  200


Автор: Тортай Сәдуақас

КӘСІПОРЫНДА

Бейнетқоры сияқтымын теңіздің,
Мен өзімді сүңгуірдей сезіндім:
Жетпей жатыр бірақ демім-тынысым,
Сұрапылда сүңгимін мен тереңге, –
Алу үшін інжу-маржан, ырысын.
Қарт аңшыдай болам кейде жай ғана,
Кезіп жүрген, безіп жүрген тайгада:
Құриды әлім, көтере алмай еңсемді,
Қорықтағы өскен таудың басында,
Маңдайыма жазған тағдыр басында,
Тапсам деймін ең шипалы женшеньді.
Бейнетқоры болсам егер теңіздің, –
Шығанақта жүргендей тек сезіндім.
Қарт аңшыдай қалың нуын тайганың,
Тауыспаппын аралап кең аймағын;
Жан баспаған соқпақ бойын кеземін, –
Мол олжаның табыларын сеземін...





Пікір жазу