25.03.2022
129
БІЗДІҢ СОҚПАҚТАР
Кейде күліп, кейде жылап, жек көріп,
Кейде сүйіп, кейде тіпті кектеніп,
Келеді өмір жолыменен адамдар;
Кейде – төте, кейде айналып амалдар.
Кейде сылбыр, кейде шабан өгіздей,
Кейде жүйткір, ор қоянның өзіндей,
Әркім мұны таңдап-талғап алады,
Әркім сосын өз соқпағын табады!