25.03.2022
137
ШАҚЫРАДЫ ШАҒАЛА
Тынышымды ап тағы жаңғырық жетті құлаққа...
Асығам тағы аттанып сонау жыраққа.
Жұпарлы тауға, баулары гүлдеп найқалған,
Жағалай жарда көк өрік пісіп жайқалған.
Сол маңда менің бесігімді анам тербеткен,
Бейіттер болған... қияға самғап мен кеткем...
Ұмытқан болар, суыған шығар көңіл де,
Жоғалтып мені, жүрсем де тірі өмірде.
Көнерген храм, күңгірлеп тынған қоңырау,
Шарқ ұрған толқын, шағала толған, өңір-ау,
Қаусаған есік, сықырлап барып ашылған,
Аласа лашық көзіме оттай басылған, –
Осының бәрі есіме келді жаңғырып,
Оларды бірақ ұмытпақ емен мәңгілік.
Төбемде жүрді айнала ұшып жағада,
Айнала ұшып жүрді бір жалғыз шағала...