25.03.2022
180
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-03-18-19-43-03.png)
ҮЙДЕГІ СӘБИ ҮНІ
Шаруам бітпей шаршаған бір күйменен,
Дел-сал болып келем кейде үйге мен.
Жоқ ондайда ешбір күш те, алып та,
Енжарлықты серпер бойды билеген.
Тыншым кетіп, басылмай ой – алаңым,
Қапалансам, таусылғандай амалым;
Ешкім жоқтай берер сонда қол ұшын,
Арылғандай ойымдағы нала-мұң...
Ал оны ма, құдірет деп танимын,
Сыңғырлы үні салтанаты, сәні үйдің!
Комунгодай, корейлердің қобызы, –
Былдырлаған бал күлкісі сәбидің...
Біздің үйде кешке солай күн шығып,
Құлпырып гүл, түлеп қыста тіршілік;
Құқылжытып құстар әнге салады, –
Көктем жыры көңілдене құлшынып...