25.03.2022
149
БІР АҒАШТА
Аты басқа, заты басқа жұртымыз.
Адамдармыз алуан түрлі ғұрпымыз.
Өз тілінде жыр жазады әр ақын,
Әніміз де алуан-алуан салатын.
Асымыз да – асық болған бәріміз,
Дайындаған күнде сүйген жарымыз.
Бірақ біздер келе жатқан нәр алып,
Адамзат деп аталатын нән, алып
Бәйтеректің гүлі екенбіз құлпырған,
Қауыз жарып, жарық күнге ұмтылған;
Титтей болып жасыл баққа жарасқан,
Көз тартамыз гүлдеп алып ағаштан, –
Тілегі ортақ, тіні біреу бәрінің,
Жер-анаға жайған терең тамырын!..