25.03.2022
  136


Автор: Тортай Сәдуақас

ҚҰРЫЛЫСШЫ

Қуаныш – сыйлық беріп, сый алған да,
Қуаныш – жақсы хабар жиі алған да.
Қуаныш – жылы сөзі дәрігердің,
Ұстаз тілі – ұйытқан бәрін елдің.
Кәсіптің ішінен сол тамам мықты,
Ерекше айтар ем бір мамандықты, –
Ол жандар тындырымды, тым-ақ ұста,
Аттанған жаңа асуға, бір ісімен
Кенелтіп мың адамды қуанышқа!





Пікір жазу