25.03.2022
  117


Автор: Тортай Сәдуақас

ОРАЛУ

Туған жерде тағы бір кеш батқандай,
Қас қарайып селоны ымырт жапқандай.
Елеусіздің бәрін қымтап қараңғы,
Түн қанатын қаққандай.
Жол-бойында – ел ағылып жатқандай,
Көл бетінде – айнаға ұқсап баққандай;
Көкжиекті көмкерген ну үстінде,
Түн қанатын қаққандай.
Жыл құстары қиқу салып қайтқандай,
Оралар ма, шіркін, сол бір шақ қандай!..
Жанарыңда тұнған жастай бар ғұмыр, –
Ол да қанат қаққандай.





Пікір жазу