meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  25.03.2022
  139


Автор: Тортай Сәдуақас

«ШЫҢЫРАУДАН ШЫҚҚАН ӘН»

«Шыңыраудан» – шарқ ұрған ән көңілден,
Боямасыз әсем әуен төгілген:
Жым-жырт болды ел бір сәт ғажап күй кешіп,
Көңіл көпір қошеметке көмілген.
Көзі ашылған неткен терең махаббат,
Көрермендер жұтты нәрін қаталап!
Шынашақтай, кестеленген көйлегі, –
Шықты да әнші, жез таңдайы сөйледі!
 Кереметтен бір керемет туындап, –
Өсе берді, масақ та енді суылдап...
Сөзіндей дәл, өзіндей дәл өмірдің, –
Жүре берді жалын атып, дуылдап.
...Әпкіш, шелек қарсы алдыңнан дәл шығар,
Шеген бойлай тырс-тырс тамған тамшылар.
Шалқиды ән шарлап байтақ маңайды,
Құлағымнан кетпес мәңгі ән шығар!
Кеудеме бұл шұғылылы нұр құйып,
Көңіліме кейде әкеліп мұң, күйік;
Бәрімізді адам етіп жаратқан,
Бұл мәңгілік әндер, – Түпсіз, Тұңғиық!





Пікір жазу