25.03.2022
240
МОСКВА
Сәлемі мен махаббатын халқымның
Алып келдім бауырларға мыңдаған.
Киелі ойды жеткізе алмай шарқ ұрдым, –
Бір ауыз сөз?.. Тауып берер кім маған,
Әр жүректе жаққан алау сезімді,
Айғақтап бұл туыстықты ең ізгі?..
Бір ауыз сөз, мағынасы қаншама
Сыйып кеткен мақсат, пейіл, намыс-ар,
Паш етіп бұл туыстықты баршаға,
Шат-шадыман болашақпен табысар?..
Барлық тілде ұғынатын халықтар, –
Бір ауыз сөз бар ма ондай? Анық бар!
Сол-ақ екен сәулеленіп санамда,
Терең мәні тебірентіп ойымды,
Басқа сөзің былай қалып табанда...
Өрттей сезім шарпып өтіп бойымды,
Адамдарды жақын тарта, дос қыла
Жалғыз ауыз сөзімді айттым: – Москва!