25.03.2022
176
БІЗДІҢ БАҚТАҒЫ ШЫРШАЛАР
Бақшама ектім жасыл шырша жайнаған:
Мәскеу маңы сияқты енді айналам;
Көндіккендей әсем, сұңғақ шыршалар,
Қапырыққа, ыстық күнге қайнаған.
Аптап, аптап, аямай-ақ тұмшалар,
Аттап бассаң адымыңды құм шалар.
Тынбай бірақ тамыр жайып тереңге,
Тұқым шашып түлей берді шыршалар.
Ыссы түнде бұлбұлға ұя тұрақты,
Күн өткізбес – жез сауыты қуатты, –
Аңызаққа айыл жимас сіресіп,
Түркмендік туыстары сияқты.
Жиделер де шаттанып сыр шертеді,
Жел толқытқан тұтас желек-желкені;
Жап-жасыл боп жер құнарын құтайтқан,
Елдің сәні ол, жер жүзінің өркені.
Қабығы да жарқыл қағып тұрады,
Ақ түтекке, аязға да шыдады.
Жасыл тонды жауынгерлер – шыршалар,
Бақшамызды қориды олар қырағы.