25.03.2022
244

Лия Бридака
Біз үшін талмас қанаттай берік самғаған,
Бағасы дос пен бауырдың.
Сәріден ерте сәлемі жетер арнаған, –
Тілектес ізгі қауымның.
Халық пен халық қауышып, сынды еңсерген, –
Өнеге, үлгі алады
Ақыл мен ойы Байкалмен терең өлшенген,
Памирден заңғар талабы.
Бәрі де ыстық – металл мен оттың сырлары,
Алма да сәби құмартқан;
Шырқалған ол да – латыштың өлең-жырлары,
Басқалар сүйіп, ұнатқан.
Елу жылда ел достыққа терең бойлаған,
Еңбекші мынау ұл-қызым;
Қанымдай ыстық алаулап бойда ойнаған,
Жарқылдап жанған жұлдызым.