РУМЯНЦЕВ ӨҢІРІ
Бейне еді бейжай неткен бұл!
Ауылдың маңы – нұр тұнған;
Аулада терек – көктеңбіл,
Аулақта – орман құлпырған.
...Түтіннен пішкен ала боз, –
Шекеге басқан бөрігін;
Кеп қалды жылпың паравоз,
Қақ жарып вокзал өңірін...
Жетсем-ау қуып! Құша алсам...
Шадыман сол бір шақ қандай;
Сияқты қызу Кузьма шал,
Аспанға ол бөркін атқандай.
Қанкүрең бұта қырқа, түз,
Бейітті белге астым ба;
Қарағай тонын қымтап Русь,
Қалғиды крест астында.
Тыңда, Русь, айтсам бір тілек...
Крест пен шыршаң сірә, көп;
Өткенде тынбай күркіреп, –
Дәстүрің қалсын мұра боп.
Шие өскен ірге тұсында,
Үйді де анау ескірген;
Ән салса көкек құсың да,
Көзіңдей көріп өстім мен.
Күшіміз қайтса күрескер,
Сен емес, біздер жеңілген.
Содан ба, сырлы крестер, –
Жүрекке ыстық көрінген.
Аяз ба мейлі, аптап па,
Төземін жалғыз сол үшін;
Бабаммен қатар жатпаққа,
Бейіт боп ата қонысым.
Мың өліп тұрған даңқты ел,
Мойымай, болмай көңіл пәс;
Газ улап, таптап танктер,
Өтсе де аман, жеңімпаз!
...Шайқады бақты ал, дауылың,
Хабаршысы ғой бұл қыстың.
Сүреміз өмір, бауырым,
Жасауы үшін Русьтің.