25.03.2022
143

30 АПРЕЛЬ 1945 ЖЫЛ
Көлеңке де көше бойлап көшкендей,
Терезеде, тар аулада көп тұрған;
Селк етеді үйлер, қайтсін сескенбей, –
Зеңбіректер – нысанаға дөп бұрған...
Құлап, шөккен төңірек те қауіпті,
Бар болғаны жасау керек қадам бір.
Оқ бұршақтап рейхстагқа жауып тұр,
Телефонда – қаһар төккен командир.
Үзілген сым салбырайды шатырда,
Күл-қоқыс пен кесек жапқан алаңды.
Жауынгерлер шабуылға ақырғы,
Қарғып жатыр терезеден қараңғы...